14 қарашадағы саудада доллар бағамы төмендеуді жалғастырды

Доллар, доллары, тенге, обмен валют, обменник, обменники, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2025 15:46 Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 14 қарашада сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 522,19 теңгені құрап, тағы 1,92 теңгеге төмендеді.

Ресей рублінің бағамы 6,44 теңгеге дейін төмендеді (-0,03).

Қытай юанінің бағамы 73,68 теңгені құрады (-0,18).

Обмен пунктерінде долларды 523,5–525,3 теңгеге сатып алып/сатуда. Еуро – 606,4–610,5 теңге, рубль – 6,39–6,50 теңге.

14 қарашадағы саудада әлемдік мұнай бағасы өсуде.

Қаңтар фьючерсі Brent маркалы мұнайы 1,5% қымбаттап, барреліне 63,90 доллар болды.

Желтоқсан жеткізілімі бойынша WTI мұнайы 1,5% өсіп, барреліне 59,55 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 524,32 теңге, еуроны – 609,05 теңге, рубльді – 6,52 теңге деңгейінде белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: