26 қыркүйектегі саудада доллар бағамы бұрынғы деңгейіне оралды
Фото: Zakon.kz
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 544,26 теңгені құрап, 2,45 теңгеге көтерілді.
Рубль бағамы 6,49 теңге деңгейінде сақталды.
Таңертеңгі саудада қытай юанінің орташа бағамы 76,17 теңге болды (+0,23).
Айырбастау орындарында доллар 543,9-546,3 теңге, еуро 635-639 теңге, рубль 6,43-6,55 теңге аралығында сатып алынып, сатылуда.
26 қыркүйектегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы да өсті.
Лондондағы ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 0,16 долларға қымбаттап, 69,58 долларды құрады.
Нью-Йорктегі NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың бір баррелі 0,25 долларға өсіп, 65,23 доллар болды.
Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 541,68 теңге, еуро – 636,26 теңге, рубль – 6,48 теңге деңгейінде белгіледі.