22 қыркүйектегі саудада доллар бағамы өсті
Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 22 қыркүйек күні сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда нәтижесінде доллардың орташа бағамы 542,67 теңгені құрап, 1,33 теңгеге қымбаттады.
Рубль бағамы 6,48 теңгеге дейін төмендеді (-0,03).
Таңертеңгі саудада қытай юанінің орташа бағамы 76,16 теңгені құрап, 0,04 теңгеге өсті.
Обмен пункттерінде доллар 542,3–544,7 теңге аралығында сатып алынып/сатылуда, еуро – 638–642 теңге, рубль – 6,39–6,51 теңге.
Әлемдік нарықта мұнай бағасы да өсіп жатыр.
Нью-Йорктегі NYMEX биржасында WTI ("Лайт") маркалы мұнайдың бір баррелі 0,47 долларға қымбаттап, 92,89 доллар болды.
Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 1,39 долларға өсіп, барреліне 111,42 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 541,19 теңге, еуроны – 636,44 теңге, рубльді – 6,49 теңге деңгейінде белгіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript