29 қыркүйектегі саудада доллар күрт қымбаттады

Доллар, доллары, тенге, обмен валют, обменник, обменники, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2025 15:56 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 29 қыркүйек күні сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 548,79 теңгені құрады. Бұл таңертеңгі деңгейден 4,34 теңгеге жоғары.

Рубль бағамы 6,59 теңгеге (+0,09) дейін көтерілді.

Қытай юанінің орташа бағамы таңертеңгі саудада 76,90 теңге (+0,73) болды.

Обмен пункттерінде доллар 546,1–548,5 теңге, еуро 640–645 теңге, рубль 6,43–6,59 теңге аралығында сатып алынып-сатылуда.

Әлемдік мұнай бағасы да 29 қыркүйектегі саудада төмендеді.

Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың баррелі 0,32 долларға арзандап, 69,81 долларды құрады.

Нью-Йорктегі NYMEX биржасында Light маркалы мұнайдың баррелі 0,42 долларға төмендеп, 65,3 доллар болды.

Таңертең Ұлттық банк долларды 544,26 теңге, еуроны – 634,72 теңге, рубльді – 6,52 теңге деңгейінде бекіткен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: