2024 жылғы 22 қазанда ҚР Ұлттық Банкі бір доллар үшін 481,68 теңге көлемінде ресми бағамды белгіледі. Бұл 18 қазандағы бағамнан 2,93 теңгеге төмен. Ал, айырбастау пунктеріндегі долларды сату — 486 теңгеге теңестірілді.
Бір қызығы, Ресей рубліне де доллар 1,16 рубльге "құлдырады".
Сурет: finance.rambler
Сондай-ақ, Ресей үкіметі рубль бағамын "ақылға қонымды" бақылауда ұстау үшін бірқатар шаралар қабылдап жатыр. Атап айтқанда, Ресей Федерациясының Орталық банкінің 25 қазанда негізгі мөлшерлемені 19-дан 20%-ға дейін көтеруі Ресей валютасына, оның ішінде ел ішіндегі ЕАВ-қа сұранысты төмендету есебінен елеулі қолдау көрсетеді. Болжам бойынша, доллар 93,5-94,5 рубльге дейін аздап әлсіреуі мүмкін.
Осыған байланысты теңге нығая түседі, өйткені Қазақстан Үкіметіне 1 Ресей рублі үшін 5 теңге теңгерімінен кету тиімсіз – бұл өзара саудада теңгерімсіздік тудыруы мүмкін.
Сурет: finance.rambler
Қазақстанның валюта нарығындағы басты ойыншы ҚР Ұлттық Банкі болып қала береді, деп есептейді Talap қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Асқар Қысықов.
"Реттеуші теңге бағамын қалыптастыруға өте белсенді қатысады. Ұлттық Банк тарапынан сатылатын валютаның ағыны Үкіметке инфляциялық процестерді күшейтетін тым әлсіз теңгенің қажет еместігін айқын көрсетті". Асқар Қысықов
Экономист 2024 жылдың қазан айында Ұлттық банк республикалық бюджетке трансферттер бөлу үшін Ұлттық қордан 1,3-тен 1,4 млрд долларға дейінгі мөлшерде валюта сатуды күтетінін еске салды. 2024 жылғы қазанда БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін қолдау үшін валюта сатып алу 850-ден 950 млн долларға дейін болады деп күтілуде.
"Көріп отырғанымыздай, бүгінде Ұлттық Банктің доллар бағамын қолданыстағы шеңберде ұстап тұру үшін барлық тетіктері бар. Жыл соңына дейін бұл бағам рұқсат етілген ауытқулармен плюс-минус 5 теңгемен өзгеріссіз қалады деп ойлаймын". Асқар Қысықов
Бұған дейін Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі 22 қазандағы валюта бағамдары хабарланған болатын.