Ұлттық банк Қазақстанның ақша айырбастау пункттеріндегі валюта бағамына қатысты маңызды өзгеріс туралы айтты

Фото: freepik
Қазақстанда ҚР Ұлттық банкі басқармасының "Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы" қаулысының жобасы әзірленуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР ҰБ 2025 жылдың 14 қаңтарында хабарлады.

Жобаға сәйкес айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегі АҚШ доллары үшін – 7 теңге, еуро үшін – 10 теңге деп белгілеу ұсынылады.

Ұсынылған өзгерістер, ең алдымен, валюта нарығындағы алыпсатарлық әрекеттерді төмендетуге, сондай-ақ қаржы нарығына қатысушылардың тәуекелдерін сейілтуге бағытталған.

Бұл шектеулер қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізілетін айырбастау операцияларына әсер етпейді.

Қаулы жобасының толық мәтінімен Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми сайтында танысуға болады.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Күндіз жылы, түнде суық болады". Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 31 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстан түркі елдерімен жасанды интеллект саласындағы тәжірибесін бөлісуге дайын – Тоқаев

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде түркі әлемінің бірлігі туралы айтты

Астанада ер адам өзін негізсіз жұмыстан шығарған жұмыс берушісінен 7 млн теңге өндіріп алды