Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде түркі әлемінің бірлігі туралы айтты

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде түркі әлемінің бірлігі туралы айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2026 14:20 Сурет:Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 30 қазанда Анкарада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйлеп, түркі елдерінің ынтымақтастығы мен рухани тұтастығын нығайтудың маңызын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың телеграм арнасында жарияланды.

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымы түркі әлемінің бірлігін бекемдеп келе жатқан бірегей құрылым екенін айтты.

Президенттің сөзінше, бауырлас мемлекеттердің егемендігі мен ұлттық мүддесіне құрметпен қарау – ұйымның басты қағидаттарының бірі.

"Түркі жұрты тонның ішкі бауындай тату болып, бағыт-бағдарынан ауытқымай бірлесіп, алға нық қадам жасауда. "Түркі ғасыры: тіліміз де, ойымыз да, ісіміз де – бір" атты бүгінгі басқосу тақырыбының мән-мағынасы – өте терең", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы саммиттің Бірінші Түркология құрылтайының 100 жылдығымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар екенін атап өтті.

Оның айтуынша, осыдан бір ғасыр бұрын Баку қаласында түркі елдерінің зиялы қауым өкілдері рухани тұтастықты нығайту және ортақ мүдделерді ілгерілету мақсатында бас қосқан.

"Біз бабаларымыздың осы аманатына адал болып, түркі әлемінің ауызбіршілігін күшейту үшін жұмыла әрекет етіп келеміз", – деді Президент.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: