Дәурен Кеңбейіл Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банктің кездесулеріне қатысты

Сурет: Instagram/qarjymin.kz
ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл биыл
 22-24 сәуір аралығында Вашингтонда (АҚШ) Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) мен Дүниежүзілік банктің (ДБ) көктемгі кездесулеріне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық делегация құрамында болған Қаржы вице-министрі ХВҚ-да Қазақстаннан балама басшы ретінде ХВҚ швейцарлық топтың жиналысына қатысып, сондай-ақ ХВҚ Басқарушы директорының орынбасары Бо Лимен кездесті, делінген министрлік баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Күн тәртібінде экономика және даму, әлемдік экономиканың қазіргі өзекті мәселелерін шешуге байланысты халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды.

Ресми іс-шаралардың барысында вице-министр негізгі халықаралық қаржы институттары мен ірі инвестициялық компаниялардың басшылығымен бірқатар екіжақты кездесу өткізді. Онда Қазақстандағы экономикалық әріптестікті дамыту мен реформаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар өзара тиімді қарым-қатынасты кеңейтуге әрі жобаларды белсенді іске асыруға мүдделі екендерін жеткізді. Ал ДБ Қазынашылықтың капитал нарықтары және инвестициялар жөніндегі директоры Джордж Ричардсонмен өткен кездесуде займ алу құнын төмендетудің, ДБ-тің қаржы құралдарын, оның ішінде ұлттық валютада қаржыландырудың өзекті мәселелері қаралды.

Бұдан бөлек JP Morgan, Morgan Stanley, Fidelity Investment, Artisan Partners және Schofield Group өкілдерімен болған кездесулерде қаржы нарықтарының халықаралық ахуалы жайлы айтылды.

S&P және Fitch жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктерінің өкілдерімен келіссөздер шеңберінде тараптар макроэкономикалық ахуал мен Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар, халықаралық қаржы нарықтарында қалыптасқан жағдай бойынша пікір алысты.

Айта кетсек, АҚШ президенті Дональд Трамп бастаған сауда соғысына байланысты Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) әлемдік экономикаға қатысты болжамын нашарлату тұрғысында қайта қарады. Енді ХВҚ 2025 жылы жаһандық экономиканың өсімі небәрі 2,8%-ды, ал сауданың өсімі 1,7%-ды құрайды деп күтуіледі. 

АҚШ
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс