Алматыда демалыс күндері азық-түлік жәрмеңкесі өтеді: тағамдар 20 пайыз жеңілдікпен сатылады

Овощи, продукты питания, овощной отдел, картофель, картошка, цены на картофель, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2026 13:07 Фото: freepik
2026 жылғы 31 қазан мен 1 қарашада Алматыда Қазақстан өңірлерінің фермерлері мен тауар өндірушілері қатысатын кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы тұрғындар үшін тағы бір жағымды жаңалықпен бөлісті. Сатып алушыларға жалпы көлемі 400 тоннадан асатын өнім ұсынылады. Бағалар нарықтағы орташа құннан 8-20%-ға төмен болады.

"Жәрмеңке Қазыбек би көшесінде, Абылай хан даңғылы мен Панфилов көшесінің аралығында өтеді. Тұрғындар ет, көкөніс, жеміс-жидек, сүт өнімдері мен басқа да азық-түлікті өндірушілердің өзінен тікелей сатып ала алады", – деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

17 және 18 қазанда жәрмеңке қаланың алты нүктесінде өткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: