Қолжетімді бағадағы азық-түлік: алматылықтарға жағымды жаңалық хабарланды

Зеленый базар, рынок, продукты питания, овощи, овощной отдел, цены на овощи, стоимость овощей, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2025 16:32 Фото: Zakon.kz
Алматыда 18-19 қазанда Алматы облысы тауар өндірушілерінің кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдік таратқан ақпаратқа сүйенсек, іс-шара отандық өндірушілерді қолдауға, бірінші қажеттіліктегі азық-түлік бағасын тұрақтандыруға және жағымды сипаттағы көңіл-күй қалыптастыруға бағытталған "Береке Fest" республикалық бастамасы аясында өтеді.

"Екі күн бойы қала тұрғындары мен қонақтары балғын, жаңа піскен әрі сапалы өнімдерді тікелей ауыл шаруашылығы өндірушілерінен сатып ала алады. Жәрмеңкеге Алматы облысының 12 ауданы және Қонаев қаласы қатысады. Қала тұрғындарына 50-ден астам өнім түрі: ет және сүт, жемістер мен көкөністер, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және малдың майы ұсынылады",- делінген ақпаратта.

Жәрмеңкедегі өнімнің жалпы көлемі 350 тонна, оның ішінде 100 тонна ет, 100 тонна жеміс-көкөніс, 50 тонна сүт және 120 тонна басқа да өнімдер.

"Жәрмеңке сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін Қазыбек би көшесінде, Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі аралықта өтеді. "Береке Fest" азық-түлік қауіпсіздігін нығайту, жергілікті өндірісті дамыту және қазақстандық тауарларды насихаттау үшін жағдай жасай отыра, елдегі өңірлерді біріктіреді". Алматы қаласының әкімдігі

Бұған дейін өмірін қауіпке тіккен құтқарушылар Президент қолынан награда алғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: