Алматыда Түркістан облысы фермерлерінің жәрмеңкесі өтеді

Түркістан облысы, Алматы, жәрмеңке, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2022 12:16 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
23-24 қазанда Алматыда Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің дәстүрлі жәрмеңкесі өтеді. Алматылықтарға облыстың 14 ауданы мен екі қаласының (Арыс, Кентау) диқандары өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, фермерлер ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдерінің 50-ден астам түрін, сонымен бірге ұн, жарма, жануар және өсімдік майын да ұсынып отыр.

Өнімнің жалпы көлемі 367 тонна болмақ:

  • ет өнімдері – 55 тонна;

  • жемістер мен көкөністер – 190 тонна;

  • сүт өнімдері - 25 тонна;

  • балық өнімдері - 5 тонна;

  • басқа өнімдер – 92 тонна.

Жәрмеңке 23-24 қазан, 8:00-ден 17:00-ге дейін Шевченко көшесінің бойында, Қонаев көшесі мен Пушкин көшелерінің аралығында ("Ғылым ордасы" археология мұражайына қарама-қарсы) өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: