Алматыда Тәжікстан өндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

27-28 маусым күндері Алматының Алатау ауданында Тәжікстан Республикасының Хатлон облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді., сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2026 12:57 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
27-28 маусым күндері Алматының Алатау ауданында Тәжікстан Республикасының Хатлон облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Сауда қатарлары Нұркент шағынауданындағы "Almaty Arena" көпфункционалды кешенінің алдындағы алаңда орналастырылады.

40 фермер өнімін ұсынады. Олар Алматыға 500 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері мен қолөнер бұйымдарын алып келеді.

Қала тұрғындары мен қонақтарына маусымдық жеміс-жидектер мен көкөністердің, табиғи кептірілген жемістердің, шығыс тәттілерінің және басқа да өнімдердің түр-түрі тікелей өндірушілерден ұсынылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңке Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайтуға, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауға және тұтынушыларды сапалы өніммен қолжетімді бағамен қамтамасыз етуге бағытталған.

Жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 10:00-ден 18:00-ге дейін. Кіру тегін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: