Демалыс күндері Алматыда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Алматыда мегаполиске іргелес жатқан аудандардан 65 шаруа қожалығының қатысуымен кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді., сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2023 10:02 Сурет: Zakon.kz
Алматыда мегаполиске іргелес жатқан аудандардан 65 шаруа қожалығының қатысуымен кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, 2023 жылғы 21-22 қазанда сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін Алматыда мегаполиске іргелес жатқан аудандардан 65 шаруа қожалығының қатысуымен кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеде 40-тан астам өнім (ет, сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, өсімдік және жануар майы және т.б.) ұсынылады. Өнімнің жалпы көлемі – 200 тонна, оның ішінде ет – 35 тонна, жеміс – көкөніс – 120 тонна, сүт – 15 тонна, балық – 5 тонна, өзгелері - 25 тонна.

Өтетін орны: Шевченко көшесіндегі "Шоқан Уәлиханов" алаңында Қонаев көшесі мен Пушкин көшесі арасында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: