Алматыда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

жәрмеңке, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2022 15:09 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыдағы қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 19-20 қарашада өтеді. Онда қаланың азық-түлік кәсіпорындары мен Алматы облысының жақын маңдағы аудандарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері өз өнімін ұсынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сатып алушыларға ұсынылатын өнімдер ассортиментінде 50-ден астам атаулар бар (сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және жануарлар майлары және т.б.).

Өнімнің жалпы көлемі - 100 тонна. Оның ішінде:

ет өнімдері - 20 тонна,

жеміс-көкөніс өнімдері - 60 тонна,

сүт өнімдері - 5 тонна,

балық өнімдері - 1 тонна,

басқа өнімдер - 14 тонна.

Жәрмеңке Шевченко көшесі бойымен Қонаев көшесінен Пушкин көшесіне дейінгі ("Ғылым ордасы" ББО Археология мұражайына қарама-қарсы) аралықта сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: