Алматыда 300 тоннаға жуық өнім ұсынылатын жәрмеңке өтеді
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының тауар өндірушілері қатысатын кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеде жалпы көлемі 300 тонна болатын 50-ден астам түрлі өнім ұсынылады. Оның ішінде:
- ет өнімдері – 80 тонна,
- жеміс-жидек және көкөніс – 80 тонна,
- сүт өнімдері – 40 тонна,
- өзге де тауарлар – 100 тонна.
Жәрмеңке 22-23 қараша күндері сағат 08:00-17:00 аралығында Қазыбек би көшесінде, Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі аумақта өтеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript