Түркістаннан Ақмолаға: жәрмеңкеге 200 тоннадан астам өнім тиелген керуен жолға шықты
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Өнімдер тиелген керуен бүгін жолға шықты. Жиынға ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ермұхаммед Құралбеков, 17 аудан және қалалардың жауапты өкілдері арнайы келіп, сәт-сапар тіледі.
Көкшетауда өтетін жәрмеңкеге 200 тоннадан астам көкөніс, бақша, жеміс-жидек, балық және жергілікті қайта өңдеу өнімдері жеткізіліп, нарық бағасынан 15 – 20 пайызға төмен бағада тұтынушыларға ұсынылады. Сонымен қатар жәрмеңкеде Түркістан өңірі өнерпаздарының қатысуымен қала тұрғындары мен конақтарына арналған концерттік мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан облысы — республикада ауыл шаруашылығы бағытында көшбасшы аймақ. Ел көлемінде жалпы өнімнің 13-ы өңірге тиесілі. Климаттық орналасуы мен ерекшелігі, жұмыс күші тұрғысынан дамытуға бейім өлке.

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Биылғы сәуір айы бойынша өңірлік көрсеткіш белгілі. Жалпы өнім көлемі 155,7 млрд теңге, ал нақты көлем индексі 105,1%-ды құрады. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 15,9 млрд теңге, тиісті кезеңмен 1,3 есе, тамақ өндірісінің негізгі капиталына 6,0 млрд теңге инвестиция тартылып, тиісті кезеңмен 2 есеге артты. 2025 жылы 124,0 млрд теңгені құрайтын 29 жобаны жүзеге асыру және 1651 жұмыс орнын құру жоспарланған.

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Айта кетейік, облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 896 мың гектарға егілді. Көктемгі дала жұмыстарына жанар-жағар май босату, кредиттік ресурстар, минералды тыңайтқыштар, тұқым бөлу шаралары мерзімінде жүргізілуде. Мемлекет басшысының су үнемдеу технологияларын ұтымды пайдалану тапсырмасына сәйкес, 59 мың гектарға су үнемдеу технологияларын ендірілмек.

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Қазіргі таңда 16,0 мың гектарға енгізілді. Салада еңбек өнімділігін арттыру үшін озық жаңа тәсілдерге басымдық берілуде. Қарқынды баулардың көлемі — 4,3 мың гектар болса, жылыжайлар көлемі — 1640 гектар. Елімізден экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 80%-ы, қой етінің 75%-ы Түркістан облысының үлесінде. 4 айда 6,7 мың тн. ірі қара мал еті, 4,6 мың тн. қой еті экспортқа жөнелтілді.