Қаржылық мониторинг агенттігі тағы бір алаяқтық схеманың пайда болғанын ескертті

Сурет: pixabay
2025 жылы 22 тамызда Қаржылық мониторинг агенттігі "компанияны ақшаға тіркеу" туралы қарапайым ұсыныстың соңында қылмыстық схемалар мен жауапкершілік тұруы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство атап өткендей, қылмыстық топтар заңсыз жолмен алынған табысты жылыстату үшін жиі заңды тұлғаларды пайдаланады.

Ол үшін олар:

"Соңғы кездері азаматтарға ақшалай сыйақы үшін өз атына заңды тұлғаны тіркеуді, оның құрылтайшысы және жетекшісі болуды ұсынатын жағдайлар жиілеп кетті. Бір қарағанда мұндай ұсыныстар зиянсыз болып көрінуі мүмкін, бірақ іс жүзінде олар заңсыз схемаларға байланысты. Кейіннен бұл заңды тұлғалар ақша қаражаттарын қолма-қол ақшаға айналдыру, салық төлеуден жалтару, жалған қызметті жасыру мақсатында пайдаланылады. Егер сіз осындай тіркеумен келіссеңіз, жалған адам боласыз - қылмыстық мақсаттарда қолданылатын компанияның ресми құрылтайшысы боласыз", деп ескертеді ҚМА.

Тіпті, жеке өзіңіз ешқандай операция жасамағанның өзінде, сіз қылмыстық қудалау орбитасына түсесіз.

Есіңізде болсын:


"Еркіндігіңіз бен беделіңізді жоғалтпау үшін тәуекелге бармаңыз. Егер заңды тұлғаны ақшаға тіркеу ұсынылса - бас тартыңыз және қажет болса, уәкілетті органдарға хабарласыңыз. Қылмыстық схемаларға қатысушы болмауға және барынша сақ болуға шақырамыз", деп нақтылайды құзырлы агенттік.

Айта кетсек, 2025 жылы 20 тамызда Ұлттық Банк ел азаматтарына жүгініп, маңызды мәліметпен бөліскен болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды