Базалық мөлшерлеме өзгеріссіз қалды – Ұлттық Банктің шешімі

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2025 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Монетарлық реттеуші базалық мөлшерлемені сақтау туралы мәлімдеді.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 16,5% деңгейінде +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен сақтау туралы шешім қабылдады.

Бұл шешім негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша жаңартылған болжамдар мен инфляциялық тәуекелдер теңгерімінің бағалауы негізінде қабылданды",— делінген Ұлттық банктің баспасөз хабарламасында.

Келесі жоспарлы шешім ҚР Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті тарапынан 2025 жылғы 10 қазанда сағат 12:00-де (Астана уақытымен) жарияланады.

Алдыңғы шешім 2025 жылғы 11 шілдеде жарияланып, онда да базалық мөлшерлеме 16,5% деңгейінде +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен сақталған болатын.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді