18 қарашада доллар арзандады

Фото: freepik
2025 жылғы 18 қарашада Қазақстан қор биржасында (KASE) сауда сессиялары аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орташа салмақты курс бойынша доллар 521,01 теңге деңгейінде қалыптасып, 2,63 теңгеге төмендеді.

Ресей рублі 6,45 теңгеге (-0,01) дейін төмендеді.

Қытай юанінің таңғы саудадағы бағамы 73,40 теңге (-0,49) болды.

Айырбастау пункттерінде доллар 522,3–524,1 теңге аралығында, еуро 604,2–608,5 теңге, рубль 6,38–6,49 теңге диапазонында сатып алынып, сатылуда.

Сонымен қатар, 18 қарашадағы саудада әлемдік мұнай бағасы да төмендеді.

Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 0,41 долларға арзандап, баррелі 63,79 доллар болды.

Нью-Йорктегі NYMEX биржасында Light маркалы мұнай 0,4 долларға арзандап, баррелі 59,51 доллар деңгейінде саудаланды.

Таңғы уақытта Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 522,19 теңге, еуро – 606,42 теңге, рубль – 6,47 теңге деп белгіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін