ОПЕК 2026 жылғы дүниежүзілік мұнай сұранысына арналған болжамын жариялады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
ОПЕК 2026 жылы мұнайға деген дүниежүзілік сұраныстың 2025 жылмен салыстырғанда күніне 1,38 миллион баррельге өсетінін мәлімдеді. Ұйымның болжамы бойынша сұраныс күніне 106,52 миллион баррель деңгейінде болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпарат ұйымның қаңтар айындағы баяндамасында көрсетілген.

"2026 жылғы дүниежүзілік мұнай сұранысының өсуі жылдық есепте күніне 1,4 миллион баррель деңгейінде қалып отыр, бұл өткен айдағы бағалау көрсеткішінен өзгермеген", – делінген ақпаратта.

Қосымша кестелерге сәйкес, өткен айдағыдай, ОПЕК 2026 жылы мұнай сұранысы күніне 1,38 миллион баррельге өсіп, 106,52 миллион баррельге жетеді деп күтілуде. 2025 жылы ұйымның бағалауы бойынша сұраныс күніне 105,14 миллион баррельді құраған.

Ал, 2027 жылы сұраныстың өсуі күніне 1,34 миллион баррельге жетіп, 107,86 миллион баррельге жететіні болжанып отыр.

Бұған дейін Трамптың Иранға қатысты мәлімдемелерінен кейін мұнай бағасы өсе бастағанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін