Салық күнтізбесі: 2026 жылғы маусымда қандай салықтарды төлеу керек

Фото: freepik
2026 жылғы маусым айында салық төлеушілер есептілік тапсыру және салықтарды төлеу бойынша бірқатар міндеттемелерді орындауы қажет, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті қандай есептерді тапсыру және салықтарды қандай мерзімде төлеу керектігін түсіндірді.

Салықтық есептіліктер

15 маусымға дейін:

400.00 нысаны – 2026 жылғы сәуір айына арналған акциз декларациясы.

22 маусымға дейін:

328.00 нысаны – 2026 жылғы мамыр айына арналған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;

851.00 нысаны – жер учаскелерін пайдалану үшін ағымдағы төлемдер есебі;

870.00 нысаны – қоршаған ортаға теріс әсер үшін төлем декларациясы.

Салықтар мен төлемдер

5 маусымға дейін:

Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың 2026 жылғы мамыр айы үшін жеке табыс салығы (ЖТС).

15 маусымға дейін:

Интернет-платформа операторы арқылы төленетін өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың арнайы салық режимі бойынша ЖТС (мамыр үшін).

22 маусымға дейін:

ЕАЭО бойынша мамыр айына арналған ҚҚС;

Акциз, оның ішінде ЕАЭО елдерінен импорт;

Қоршаған ортаға теріс әсер үшін төлем.

24 маусымға дейін:

Резидент еместердің кейбір санаттарына мамырда төленген табыстардан ұсталатын ЖТС.

25 маусымға дейін:

Маусым айына арналған корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша аванстық төлемдер;

Дереккөзден ұсталатын КТС және ЖТС;

Резиденттер мен резидент еместерден ұсталатын КТС;

Мамыр айы үшін әлеуметтік салық;

Сыртқы (визуалды) жарнама орналастыру үшін төлем;

Мамыр айы үшін бірыңғай төлем;

Әлеуметтік төлемдер (МЗЖ, МӘЗЖ, МЗЖР, ӘА, МӘМС, ЕММС).

Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге есептілік пен төлемдерді соңғы күндерге қалдырмай, уақытында орындауды ұсынды.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылы жоғары оқу орындарына қабылдау мерзімі мен тәртібі белгілі болды

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Депутат "Болашақ" бағдарламасын тексеруді ұсынды

Мемлекет басшысы құқықбұзушылықтың алдын алу және самокаттарды тіркеу туралы заңдарға қол қойды