Бұл туралы Дональд Трамп Truth Social желісінде жазды.
Трамп Хуангтың жұмысына жоғары баға бере отырып, оның орнын баса алатын жалғыз адам ретінде Кукті атады.
"Аңыз адамның орнын екінші аңыз адам басады", деп жазды желіде АҚШ президенті.
Дегенмен Трамптың бұл мәлімдемесі тікелей тағайындауды білдірмейді: Nvidia, әзірге Хуангтың орнын тұрақты басатын адамның аты-жөнін жариялаған жоқ.
Кук бүгіндері Apple компаниясының бас директоры қызметінен кеткен. 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап компания тізгіні Джон Тернуске өткен, ал Кук директорлар кеңесінің атқарушы төрағасы қызметін атқарады. Apple басшылықтың ауысатынын сәуір айында жариялаған болатын. Бұған дейін Кук компанияны 2011 жылдан бері басқарып келген еді.
Айта кетсек, бүгін америкалық технологиялық алпауыт және әлемдегі ең қымбат чип өндірушілерінің бірі Nvidia компаниясының бас директоры, президенті және директорлар кеңесінің мүшесі Дженсен Хуанг 30 жыл басшылық еткен қызметінен кетті. Оның отставкасы Хуангтың жеке өміріне қатысты орын алған даудың аясында болды. Компания сайтында атап көрсетілгендей, Nvidia-ның атқарушы вице-президенті және қаржы директоры қызметін атқаратын Колетт Кресс бас директордың міндетін уақытша атқаруға келіскен.
Сондай-ақ хакерлер Binance биржасын "бұзып", 6 млрд долларды үптеп кеткені хабарланған. АҚШ президенті бұған Солтүстік Корея хакерлерін айыптаған.