Binance биржасын "бұзып", 6 млрд долларды үптеп кеткен кім - Трамптың пікірі
Сурет: magnific.com
Егер Пхеньянның кибершабуылға қатысы бар екені расталса, Вашингтон Солтүстік Кореямен Binance криптобиржасынан 6 млрд доллардан астам қаржының ұрлануы мәселесін талқылайтын болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы РИА Новости агенттігі хабарлайды. Агенттік мәліметінше, бұған дейін Федеральды барлау бюросы Binance криптобиржасынан 6 млрд доллардың ұрлануының ҚХДР-мен байланысы бар екенін анықтағандарын мәлімдеген болатын. Алайда олар бұл ретте ешқандай дәлел келтірмеді.
"Біз, расымен де бұл Солтүстік Корея екенін нақты білмейміз. Бірақ, егер солай болып жатса, онда бұл жайынан Солтүстік Кореямен сөйлесетін боламыз", – деді Трамп Мар-о-Лаго резиденциясында журналистерге берген сұқбатында.
Бұған дейін ең ірі Binance криптовалюта биржасы ықтимал хакерлік шабуыл туралы хабарламалар аясында қаражатты салу немесе алу бойынша барлық операцияны уақытша тоқтатқаны белгілі болды. Келтірілген шығын мөлшері 6,3 млрд долларға жетуі мүмкін.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript