Мамандар жөтелге қарап, өкпе ісігін анықтауға болатынын айтты

pixabay.com
Әлді құртатын жөтел - өте қауіпті.

Онкологтың айтуынша, ұзақ әрі бойдағы күшті әбден түгесетін жөтел өкпе обырының белгісі болуы мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ресейлік онколог-дәрігер Александра Логинова өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Lenta.ru.

Маманның пікірінше, бастапқыда туындаған құрғақ жөтел ыңғайсыздық тудырмайды. Алайда, кейін ауру асқынғанда тұншығып, ентігіп жөтелу басталады.

Кейін өкпе обыры кезіндегі жөтел бұлшықеттердің тырыспасына әкеліп соғуы мүмкін,- деді онколог.

Дәрігердің сөзінше өкпе бұлшықеттерінің тырыспасы көбіне түнгі уақытта орын алады екен. Оған қоса, жөтел ұстамасынан кейін естен тану қаупі бар. Түнгі уақытта қою қақырық шықса, ал таңертең қан түскен жағдайда арнайы маманға барып қаралған жөн,- деп сөзін қорытындылады Логинова.

Бұған дейін онколог-дәрігер Александр Серяков қан ауруының алты белгісін атап айтқан болатын. Ол лейкозды ортақ белгіден, яғни улану симптомынан байқауға болатынын айтады. Оған салмақ тастау да жатады, мысалы жарты жылда 10 пайызға арықтау дегендей.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды