Жер сілкінісінен қалай қорғануға болады

Жер сілкінісі кезінде ғимараттың төбесіне көтерілуге, баспалдақ алаңдарына жиналуға болмайды. Балаларды кеудемен жабу керек. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы зілзалаға қатысты кеңестер ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жақындап келе жатқан жер сілкінісінің белгілері:
"Ғимараттың тербелуін сезінген кезде дүрлікпеңіз. Үйде, жұмыста, көлікте және көшеде болған жағдайда әрекет ету жоспарын алдын ала ойластырыңыз. Пәтердегі ең қауіпсіз орындарды алдын ала анықтаңыз және жер сілкінісі болған жағдайда үйден шығудың қауіпсіз жолын жоспарлаңыз. Оның кез келген уақытта болуы мүмкін екенін есте сақтаңыз!".ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы
Ол үшін:
  1. Алғашқы медициналық көмек қобдишасын дайындап, оны көрсетудің әдістерін меңгеріңіз.
  2. Құжаттарды, ақшаны, ысқырықты, қалта шамын және қосалқы батареяларды ("дабыл чемоданы") ыңғайлы жерде ұстаңыз.
  3. Үйде бірнеше күнге жететін ауыз су мен консервілердің болуын қамтамасыз етіңіз.
  4. Терезелер мен ауыр жиһаздардан аулақ болыңыз.
  5. Кереуеттерді терезелерден, сыртқы қабырғалардан, айналардан және құлап кетуі мүмкін ауыр заттардан аулақ қойыңыз.
  6. Пәтерлердегі шкафтарды, сөрелерді дұрыстап бекітіңіз.
  7. Қауіпті заттарды (улы химикаттар, тез тұтанатын сұйықтықтар) қауіпсіз, жақсы оқшауланған жерде сақтаңыз.
  8. Барлық тұрғындар қажет болған жағдайда электр қуатын, суды өшіру үшін су кпорттарының қай жерде екенін білуіңіз керек.
  9. Жер сілкінісі кезінде ғимараттың төбесіне көтерілуге, баспалдақ алаңдары мен баспалдақтарға жиналуға болмайды.
  10. Егер сіз үйде болсаңыз, жазу үстелінің немесе асхана үстелінің астына жасырыңыз. Бір қолыңызбен үстелдің аяғынан ұстап, екінші қолыңызбен мойын мен басыңызды жабыңыз. Жер сілкінісі кезінде үстел алыстап кетпеуі және қорғаныссыз қалмау үшін үстелдің аяғын ұстап тұру маңызды.
  11. Ішкі есіктің орнында немесе бөлменің бұрышына тұрыңыз. Құлаған үйінділерден сақ болыңыз.
  12. Салбырап тұрған балкондардан, карниздерден аулақ болыңыз, үзілген сымдардан сақ болыңыз.
  13. Жер сілкінісі кезінде шкафтар, теледидарлар, микротолқынды пештер, тоңазытқыштар құлап кету қаупі жоғары. Олар, мысалы, басыңызға құлап, сізді өлтіруі мүмкін. Сондықтан аулақ болыңыз.
Неліктен жер сілкінісі кезінде ғимараттан жүгіріп шығуға болмайды?

Сейсмолог Люси Джонстың айтуынша, сырттағы адамдар ғимараттағыларға қарағанда көбірек зардап шегуі мүмкін. Балкондар мен қасбеттердің құлауы құрбандардың көбеюіне әкелуі мүмкін. Мысалы, 2003 жылы болған жер сілкінісі кезінде екі әйел киім дүкенінен жүгіріп шығып, кірпіш пен сылақтың астында қалды. Кейінірек олар іште қалса, аман қалатындары анықталды.

2011 жылы Жаңа Зеландияда болған жер сілкінісі кезінде бір адам үстелдің астына жасырыну немесе сыртқа шығуды таңдауға тура келді. Ол бірінші нұсқаны таңдап, аман қалды. Кейінірек ер адам егер сыртқа жүгіруді шешсе, қоқыстың астында қалып өліп қалуы мүмкін екенін айтты.

Әрбір отбасы мүшесінің өзінің кезекші сөмкесі болуы керек:


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қызықты
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: