Балалардың гаджетке тәуелділігін қалай азайтуға болады

Сурет: magnific
Смартфондар бүгінде күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда оларды шамадан тыс пайдалану адамның мінез-құлқына, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасына және күнделікті өмір салтына кері әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандардың айтуынша, бұл мәселе әсіресе жасөспірімдер арасында жиі кездеседі.

The Conversation басылымының жазуынша, зерттеушілер жасөспірімдердің миы әлі толық қалыптасып бітпегенін айтуда. Әсіресе, өзін-өзі бақылауға, жоспар құруға және өз әрекетінің салдарын бағалауға жауап беретін ми бөліктері әлі даму үстінде болады.

Сондықтан жасөспірімдер әлеуметтік желілердегі лайк, пікір, хабарлама сияқты жылдам марапаттарға ересектерге қарағанда көбірек мән береді және олардан оң әсер алуға бейім келеді.

Баланың телефонға тәуелді болғанын қалай байқауға болады?

Мамандар мынадай белгілерге назар аударуға кеңес береді:

Смартфонға тәуелділік қалай қалыптасады?

Ғалымдардың айтуынша, смартфонға тәуелділік күтпеген марапат беру механизмі арқылы қалыптасады. Яғни, жаңа хабарлама, лайк немесе ескерту келген сайын адам қысқа уақытқа қуанып, мазасыздығы азаяды. Уақыт өте келе адамның миы осыған үйреніп кетеді. Тіпті телефонға көз түскеннің өзінде оны алып, тексергісі келетін әдет қалыптасады.

Ата-аналар не істеуі керек?

Мамандардың пікірінше, ең алдымен ата-аналар өздерінің гаджет қолдану мәдениетіне назар аударуы қажет. Олар отбасы мүшелері бірге отырған кезде телефонды мүмкіндігінше қолданбауы, смартфондарды үнемі қолжетімді жерде ұстамауы, балаларымен бірге телефон пайдалану ережелерін келісіп, саналы түрде сақтауы керек.

Мамандардың айтуынша, ата-ананың жеке үлгісі мен отбасында ортақ ереженің болуы балалардың гаджетке тәуелділігінің алдын алуға көмектеседі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды