Инсультке әкелуі мүмкін әдет: дәрігер ұйқының қауіпті мөлшерін атады

Сурет: pexels
Дәрігер Александр Умнов үнемі алты сағаттан аз ұйықтайтын адамдар сегіз сағат ұйықтайтындарға қарағанда инсультке шамамен 30%-ға жиі шалдығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Лента.ру" басылымына берген сұхбатында дәрігер созылмалы ұйқысыздық инсульт қаупін шамамен 50%-ға, ал ұйқы кезіндегі ауыр апноэ бұл қауіпті 1,5–2 есе арттыруы мүмкін екенін атап өтті.

Ұйқының қанбауы артериялық қан қысымының жоғарылауына, стресс гормондары деңгейінің өсуіне және ағзадағы қабыну процестерінің күшеюіне ықпал етеді. Сондай-ақ қанның ұйып, тромб түзу бейімділігін арттырады.

"Бірнеше ай бойы түн сайын бес-алты сағат ұйықтауды қауіпті шек деп санауға болады", – деді Умнов.

Дәрігер тәулігіне 10 сағаттан артық ұйықтау да инсульт қаупінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін екенін айтты.

Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу үшін ол ұйқы режимін реттеуге, ұйқысыздық пен апноэны дер кезінде емдеуге, сондай-ақ қан қысымы мен холестерин деңгейін бақылауға кеңес береді.

Айта кетейік, жаңалық сипатындағы материалдарды дәрігердің медициналық кеңесі ретінде қабылдауға болмайды. Кез келген шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңескен жөн.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды