Шымкенттік зағип жан көптің көмегімен баспаналы болды

Сурет: Zakon.kz
Жанарын шел басса да, аула сыпырып, несібесін айырған шымкенттік Нұртілеу Жаналиев көптің көмегімен баспаналы болды, деп хабарлайды Zakon.kz

Зағип жан ес білгелі пәтер жалдап күнелтіп келген еді. Шиеттей бала-шағасын адал еңбегімен асырап келеді. Тынбай еңбек етіп жүрген жаннан біздің арна тілшілері де кейіпкер ретінде арнайы сұхбат алған болатын. Содан соң өзге басылымдар да жарыса жазып, жұрт болып жұмылып көмектесуге шақырды. Сөйтіп қайырымды жандар да табылды. Көптің көмегімен қомақты қаржы жиналды. Соның арқасында көпбалалы отбасы 7 бөлмелі үлкен үй сатып алып, жаңа қонысқа жайғасты. Қайырымдылық жасауға ұмтылған азаматтар тұрмыстық техникасын да сатып алып берді. Әлі де қолдау көрсетуге ұмтылып жатқан жұрт жасау-жиһазын түгендеп жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Алғашқы естіген кезімде қуанғаннан жылағым да келіп кетті. Мұны өмір бойы армандағанмын. Бала-шағаға үй алып беріп, өзім де үйлі болдым. Осы қуанышқа бала-шағам да қуанып жүр, өзім де, әйелім де қуанып жүрміз. Сіздерге рақмет! Қала тұрғыны Нұртілеу Жаналиев
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Тоқаев америкалық журналға мақала жазды