Ақтөбе облысының бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысы 13 қаңтардан бастап «қызыл» аймақта болуына байланысты 2022 жылдың 14 қаңтарында өңірдегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы шықты, деп хабарлайды Zakon.kz

Қаулыға сәйкес мыналар қарастырылды:

Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын барлық объектілер үшін келесі жұмыс режимі бектіледі:

Сенбі және жексенбі күндері қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинациялау; сынамаларды іріктеу сәтінен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тестің болуы; КВИ-ге қарсы вакцинациялауға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы немесе КВИ-мен ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) объектілердің жұмыс істеуіне жол беріледі.

Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл» мәртебесі бар болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде), жұмыс режимі бойынша шектеусіз, жұмыс және демалыс күндері қызметті жүзеге асыруын қамтамасыз етсін.

«Ashyq» жобасына қатысатын 30 адамға дейін ас беру шарасын қоспағанда, ашық ауада және үй-  жайлардың ішінде отбасылық, еске алу шараларын қоса алғанда, оның ішінде үйде бұқаралық іс- шараларды өткізуге тыйым салынады.

«Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан, мыналарға тыйым салынады:

Білім беру объектілерінде контингенті 600 оқушыға дейінгі штаттық форматта.

Қалалық мектептерде 600 оқушыдан астам- қашықтықтан оқыту форматында (ауылдық мектептерде 600 оқушыдан астам-штаттық форматта оқыту), бұл ретте мектеп әкімшілігінің шешімі бойынша 1-2 сыныпта- штаттық форматта оқыту, 3-5 сыныпта- кезекшілік сыныптар (қашықтықтан оқыту форматы бар жерде).

Колледждер мен ЖОО-ы студенттері- аралас форматта оқыту (барлық дәрістер онлайн, практикалық, зертханалық, семинарлық сабақтар икемді график бойынша штаттық форматта).

Оқу орны әкімшілігінің қалауы бойынша вакцинациялаудың толық курсын аяқтаған студенттер мен  оқушыларды штаттық режимде оқытуға жол беріледі;

Мектептен тыс ұйымдарда эпидемиологиялық тәуекел аймағына қарамастан жеке сабақтар кезінде штаттық режимде, топтық сабақтар кезінде – 10 адамға дейін, мүмкінділігі шектеулі балаларға/ересектерге арналған түзету кабинеттерінде (орталықтарында) 8 адамға дейін жеке және топтық сабақтар өткізуге жол беріледі.

Құжат мәтінімен мына арадан толығырақ таныса аласыздар.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті