Түркістан облысында полиция қызметкерлері жол бойында жолаушыдан 2 келі есірткі тәркіледі

Түркістан облысының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде есірткіні заңсыз сақтап, тасымалдағаны үшін 42 жастағы күдіктіні ұстады. , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2025 12:26 Сурет: ҚР ІІМ
Түркістан облысының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде есірткіні заңсыз сақтап, тасымалдағаны үшін 42 жастағы күдіктіні ұстады.

Оқиға "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық автожолындағы "Сауран" бекетінің жанында тіркелді.

Полиция қызметкерлері Toyota Camry автокөлігін тоқтатып, тексеру кезінде жолаушының қол жүгінен есірткіге ұқсас зат салынған үш полиэтилен пакет тапты.

Сараптама нәтижесінде алынған заттың салмағы шамамен 2 келі болатын кептірілген марихуана екені анықталды.

Қазіргі таңда осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті – Қызылорда облысының тұрғыны қамауға алынды.

Болған оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: