Көкшетауда көлік полицейлері есірткі курьерін ұстады

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2025 16:57 Фото: Zakon.kz
Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде синтетикалық есірткіні заңсыз сатуға қатысы бар 24 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады.

Оның мессенджер арқылы ұсынысқа келісіп, қала аумағында психотроптық заттарды жасырып кету әдісімен тарату арқылы табыс табуды көздегені анықталды.

Көлік полицейлерінің жедел әрі үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде заңсыз әрекет уақытылы анықталып, жолы кесілді.

Күдіктіні ұстау барысында одан бөлшектеліп оралған ірі көлемдегі мефедрон тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Сот қаскүнемді 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: