Жаңалықтар тізбегі
0

Шетелдік азамат синтетикалық есірткі таратқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2023 17:37 Сурет: ҚР ІІМ
Маусым айында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Өзбекстанның 25 жастағы азаматын анықтап, ұстады.

Жеке тінту барысында ұсталғаннан жалпы салмағы 4,88 грамм мефедрон есірткі заты салынған 11 бумасы табылып, тәркіленді.

Көлік полицейлері оның есірткіні жасырып қойып кетуші болып жұмыс істегенін, Telegram-чаттағы топ басшысынан есірткі заттары жасырылған жердің координаттарын алып, оларды ары қарай Ақтөбе қаласы бойынша таратып жүргенін анықтады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы (Аса ірі мөлшерде есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау) бойынша жүргізілді.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Өзбекстан Республикасының азаматы қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: