Семейде есірткі қылмысына қатысы бар азамат 6 жылға бас бостандығынан айырылды

Семейде есірткі қылмысына қатысы бар азамат 6 жылға бас бостандығынан айырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2025 20:44 Сурет: polisia.kz
Семей станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 30 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында оның сөмкесінен алдын ала дайындалған, оралған күйдегі кептірілген марихуана салынған пакеттер табылып, тәркіленді. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 1,5 келіден асқан.

Оның айтуынша, көлік полицейлері ірі көлемдегі есірткі затын өткізу әрекетінің жолын кесті. Жедел әрекеттің нәтижесінде есірткінің қала аумағында заңсыз айналымға түсуіне жол берілмей, халық арасында оның таралуына тосқауыл қойылды. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

"2025 жылдың маусым айында Семей қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен айыпталушы 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді", - деді Фараби Елубаев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: