2050 теңге тұратын ет қайда сатылады? Алматы әкімдігі анығын айтты

Алматыдағы әлеуметтік дүкендерде ет 2050 теңгеден сатылады. Қала әкімдігі базар және дүкендермен келісімге келді, деп хабарлайды Zakon.kz

Күні кеше Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы бес базарда сиыр еті 2050 теңге тұратынын айтқан еді. Алайда алматылықтар базарлардан мұндай бағаға ет таппағанын айтып, шағымданды.

21 қаңтарда облыс әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов Сағынтаевтың сөзін растады. Ол әкімдіктің Magnum супермаркеттер желісімен келісімге келгенін, мұнда еттің келісін 2050 теңгеден сататынын айтты. Келісімшарт 31 қаңтарда аяқталуы керек еді.

Қаңтар бойы Magnum супермаркет желісімен келіссөз жүргіздік. Ақыры бір келісімге келдік. Magnum басшылығына алғыс айтқым келеді. Олар етті 2050 теңгеге сатуды сәуірдің соңына дейін ұзартқысы келеді. Келіссөздер неге ұзаққа созылды десеңіздер, басында олар бағаны көтергісі келді. Сосын біз басқа ет өндірушілерін ұсындық. Бірақ супермаркет желісіндегілер сапасына алаңдады. Ұзақ келіссөздерден кейін 2050 теңгеге келістік. Барлық Magnum сауда нүктесі осы бағаны сақтайды.Алматы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов

Әкімнің орынбасары базарлармен келісу қиынырақ екенін жеткізді. Дегенмен қазір Алматының бес базарындағы әлеуметтік дүкендерде ет 2050 теңгеден сатылып жатыр. Бірақ базардағы сатушылар өнім тапшылығына тап болып, бағаны көтеруді сұрайды. Әкімдік басқа да базарлармен келіссөз жүргізіп жатыр, бірақ бағаны ұстап тұруға бәрі келісе бермейді.

Саудагерлер бағаны түсіруді қаламайды. Өйткені басқа сатушылар арасында наразылық бар. Осыған қарамастан қазірдің өзінде екі ет өндіруші бағаны келісіне 2050 теңге деңгейінде ұстауға келісіп отыр.Мақсат Қиқымов
Алматы Алматы қаласының әкімдігі Бақытжан Сағынтаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: