Жаңа қаулы. Карантинге оқшаулау мерзіміне өзгерістер енгізілді

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ержан Қиясов карантин мерзіміне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 4 жаңа қаулысында карантин мерзіміне қатысты тәсілдер қайта қарастырылды. COVID-19 науқасымен байланыста (жақын байланыста) болған адамдарға үй карантині мерзіміне қатысты өзгерістер енгізілді», делінген хабарламада.

Мәселен, COVID-19 науқасымен байланыста болған адамдар (жақын байланыс) ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаты болмаған кезде, егер екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаған болса, соңғы 3 ай ішінде COVID-19 ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады.

Байланыста болған адамда ауру белгілері болмаған жағдайда үй карантинінің 7-ші күні ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін сынама алу жүргізіледі. ПТР-зерттеудің теріс нәтижесімен үй карантині аяқталады.

Егер үй карантинінің 7-ші күнінде ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін сынамаларды іріктеу жүргізілмесе, үй карантині оқшауланған сәттен бастап 10 күн өткенге дейін жалғасады.

Тура осы тәсіл коронавирус инфекциясының асимптоматикалық ағымы бар науқастарға да қолданылады (Бұрын болған: 3 тәулікке ПТР әдісімен тексеру және 14 күн ішінде карантин).

Айта кетсек, бүгін, 21 қаңтарда еліміздің бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: