12 ақпанда оңтүстік облыстарда қатты жауын-шашын болады

Сурет: pxhere
Синоптиктер Қазақстан бойынша 2022 жылдың 10-12 ақпанына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанға жауын-шашынның түсуіне әсер ететін циклон келе жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz

Синоптиктердің мәлімдеуінше, аязды ауа райын тудырған кең антициклон біздің елден тыс жерлерге ауыса бастайды, ол тек шығыс аймақтарға ғана әсер етеді.

Ал солтүстік-батыстан үлкен ылғал қоры бар циклон келе жатыр. Ол өзімен бірге жаңбыр мен қар, сондай-ақ жел мен көктайғақ құбылыстарын әкеледі. 12 ақпанда оңтүстік облыстарда қатты жауын-шашын түседі. Ұзақ аяздан кейін, тіпті Қазақстанның солтүстігінің өзінде термометр бағандары күндізгі уақытта тек 2-10 градус аязды көрсетеді.«Казгидромет» РМК
Қазақстан
Шымкент
Түркістан
Алматы
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды