Екібастұздық «маугли» балаларда генетикалық ауру болуы мүмкін

Сурет: Instagram/ poiskoviki_pvl_vita
Бүлдіршіндер емдеуді толық көлемде, соның ішінде COVID-19 симптоматикалық терапиясын алады, деп хабарлайды Zakon.kz

Pavlodarnews.kz таратқан ақпаратқа сай, аш және әлсіз күйде табылған балалар төртінші күн Павлодар ауруханасында жатыр.

Бастапқыда олардың жағдайы интоксикация мен қабыну процесінің белгілеріне байланысты орташа ауырлық деп саналды. Сонымен қатар, балалардың бірінде коронавирус расталды. Баланың дене қызуы көтеріліп, құсу белгілері байқалған.

Коронавирустық инфекция вирустық инфекция тәрізді ішекке зақым келтіреді. Қазір бала симптоматикалық ем алуда. Балалардың жағдайында оң динамиканы көріп отырмыз. Оларда температура, тыныс алу жеткіліксіздігі жоқ, гемодинамика тұрақты, – деді инфекциялық стационар директорының орынбасары Зере Садықова.

Дәрігерлер коронавирустық инфекциядан басқа нақты диагноздарды атаған жоқ. Мамандардың айтуы бойынша, толық тексерілулер әлі аяқталмаған. Тек оның қорытындысы бойынша мамандар мүгедектік тобын да анықтай алады.

Балаларға қандай да бір мүгедектік тобын белгілеу үшін оларға диагноз қою керек. Бірақ бұл бір күндік жұмыс емес. Себебі бұл жерде генетикалық ауру болуы мүмкін. Өйткені төрт баланың клиникалық көрінісі бірдей, – деп қосты Зере Садықова.

Мамандар барлық талдауларды алған кезде олар консилиум өткізеді. Елордадағы "Ана мен бала" ғылыми-зерттеу орталығымен кеңесу жоспарлануда. Дәрігерлер емдеу тегін болатынын атап өтті.

Павлодар
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады