Рavlodarnews.kz таратқан ақпаратқа сай, бригада дәрігері Павел Мельник медицина қызметкерлері қандай жағдайларға тап болатыны туралы айтып берді. Ол жедел жәрдемде бесінші жыл жұмыс істеп келеді. Бұған дейін резидентурадан өту кезінде облыстық перинаталдық орталықта еңбек еткен.
Медицина қызметкерінің айтуынша, соңғы жылдары өңірде ЭКҰ нәтижесінде жүкті болған және кәмелеттік жасқа толмай босанған әйелдер көбейген.
Экстракорпоральды ұрықтандыруға келетін болсақ, дәрігер ретінде осындай мүмкіндікке ие болған әйелдер үшін қуанамын, - деп атап өтті Павел Мельник. - Сондай-ақ соңғы кездері босанған әйелдердің жасы көбінесе 18-ден аспайды. Менің ойымша, ата-аналар, мұғалімдер және жалпы қоғам бұл тенденциядан сақ болу керек.
Ақ желеңдінің айтуынша, өңірде үйде босану жиілеген. Өткен жылдың өзінде 34 әйел баласын үйлерінде туған. Мұндай жағдайлар көбінесе бірінші рет босанып отырмаған әйелдердің арасында кездеседі.
Әрине, сәбиді дүниеге әкелу процесі дәрігерлердің қатысуымен және соған арналған жерде болғаны жөн, - дейді маман. - Біз әріптестерімізбен бірге реанимобильде және пәтерлерде әйелдерді босандырған жағдайлар болды. Тіпті әйелді ауылдан ауруханаға әкеле жатқан кезде біз алдынан шығып қарсы алатын кездер болады. Яғни медициналық көмекті тура жолда көрсетуге тура келді.
Акушерлік-гинекологиялық бригаданың реанимобилі сәбиді тыңдауға арналған арнайы жабдықпен және жаңа туған нәрестелерге арналған арнайы төсемдермен жабдықталған. Сонымен қатар, жылдың кез келген уақытында машинаның ішінде 25 градус температура сақталады.
Павлодар облысының жедел жәрдем станциясының базасында акушерлік-гинекологиялық бригада 2012 жылдан бастап іске қосылды. Соңғы 10 жыл ішінде дағдарыс кезеңдері мен қазіргі коронавирустық пандемияға қарамастан, қызмет құрылымы сақталып қалды.
Арнайы бригаданың барлық қызметкерлері жүкті, босанатын және жаңа туған нәрестелерді реанимациялау бойынша оқытудан өткізіледі.
Айта кету керек, өткен жылы Павлодар қызметінің 103 бригадасы жүкті әйелдерге көмек көрсету үшін 5,6 мыңнан астам рет барған. Босанған әйелдерден жедел жәрдемге 6,2 мыңнан астам қоңырау түсті.