Жұмыскер өз еркімен артық жұмыс істесе, оған үстеме ақы төлене ме

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Егер қызметкер жұмыс уақытынан кейін өз еркімен қалып жұмысты жалғастырса, үстеме жұмысқа ақы төлене ме? Бұл сұрақ Еңбек министрлігінің электронды үкімет сайтында қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауабында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес үстеме жұмыс деп, жұмыс берушінің бастамасы бойынша қызметкердің белгіленген жұмыс уақытынан тыс (қалыпты нормадан артық) орындайтын жұмысын айтамыз.

Тиісінше, жұмыскердің жұмыс күнінің соңында өз бастамасы бойынша, жұмыс берушіні ескертпестен орындаған жұмысы үстеме жұмыс уақытына жатпайды. Ал мұның бірнеше себептері бар.ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі

Осылайша, Еңбек кодексінде қарастырлғандай, жұмыс берушінің жұмыс уақытының (соның ішінде үстеме жұмыс уақытының) есебін жүргізу, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты болу, жұмыс берушінің жұмыс уақытынан тыс жұмысқа тарту туралы актісін (өндірістік қажеттілікке байланысты) беру және т.б. міндеттер жұмыс берушіге жүктелген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады