Баспана ақысының жартысын төлеу тетігі 1 мамырда іске қосылады

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаевтың мәлімдеуінше, нарықтан жалға алынған баспана ақысының жартысын төлеу тетігі 1 мамырда іске қосылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Баспананы жалдау ақысы мен мемлекеттен бөлінетін қаражат аударылатын жалдаушылардың шоттары үшінші тұлғалардың өндіріп алуларынан, тыйым салуларынан және өзге де шектеулерден қорғалады. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев

Вице-министрдің айтуынша, бұл қолдау шаралары қысқа мерзімде 70 мыңға жуық кезекте тұрған адамның баспана жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Табысы төмен, үй кезегінде тұрған жандарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесін жедел шешу мақсатында Министрлік пәтерлерді жеке тұрғын үй қорынан жалдау ақысын субсидиялау тетігін пысықтауда. Сол арқылы көп балалы отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, жетім балалар, мүгедек балалары бар отбасылар, отбасының әрбір мүшесіне шаққанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (36 018 теңге) төмен отбасылар үймен қамтамасыз етіледі.Еркебұлан Дауылбаев

Вице-министр төлемдерді тағайындау ережелері бекітілгенін, бұл тетік осы жылдың 1 мамырынан іске қосылатынын атап өтті.

Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі