Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған
Сурет: pixabay
Павлодар облысында полицейлер қоғамдық резонансқа ие болған екі қылмыстық істі тергеп жатыр. Тексеруге "оқушы қыздарды зорлады" деген әлеуметтік желіде пайда болған ақпараттар түрткі болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік полиция департаменті күдіктілердің ұсталғанын растап, тергеу мәліметтерін жария етті.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, аталған жайт туралы хабар құқық қорғау органдарына білім беру мекемесінен келіп түскен.
"Полиция екі қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер анықталып, УҰИ-ға қамалды, оларға қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдап алынды", деп хабарлады Zakon.kz тілшісіне 2026 жылғы 4 қарашада ПД-дан.
Ведомство өкілдері тергеу шеңберінде қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын да айта кетті. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды.
Бұған дейін Павлодарда екі қызына жыныстық зорлық көрсетіп, оларға АИТВ инфекциясын жұқтырған өгей әкеге қатысты сот үкімі шықққан болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript