ШҚО-да ер адам өз қызын бірнеше жыл бойы зорлады деген күдікке ілінді

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2026 18:51 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Шығыс Қазақстан облысында полицейлер кәмелетке толмаған қыздың зорлауға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Риддер қаласында ер адам өз қызын бірнеше жыл бойы зорлады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға туралы ақпарат Halyqstan Telegram-арнасында жарияланды. Ресми емес мәлімет бойынша, заңға қайшы әрекеттер қыз алты жаста болған кезден басталып, бірнеше жылға созылуы мүмкін. Қазір оның жасы шамамен 13-14 жаста.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті қылмыстық істің тергеліп жатқанын растады.

"Осы факті бойынша Риддер қаласының полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Оған қатысты қамауда ұстау бұлтартпас шарасы таңдалды", – деді 24 тамызда Zakon.kz тілшісіне облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдарының толық кешенін жүргізіп жатыр.

Қылмыстық істің тергелу барысын облыстық полиция департаментінің басшылығы жеке бақылауына алған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: