Павлодарда екі қызға зорлық көрсеткен ер адам өмір бойына сотталды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, судебный процесс, зачитывание приговора, судебная система, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2026 10:29 Фото: Zakon.kz
Павлодарда екі балаға жыныстық зорлық көрсетіп, оларға АИТВ инфекциясын жұқтырған ер адамға сот үкімі шықты. Оның құрбандары өгей қыздары болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының мәліметінше, оқиға 2025 жылы болған. Сотталушы қыздармен үйде оңаша қалған. 48 жастағы ер адам апалы-сіңлілі қыздарға зорлық көрсеткен. Кейін олардың АИТВ инфекциясын жұқтырғаны анықталған.

Сот процесі жабық режимде өткен. Белгілі болғандай, қыздардың екеуінде де мүгедектік болған. Тергеушілердің пікірінше, сотталушы олардың дәрменсіз жағдайын пайдаланған. Ер адамның өзінің ауруы туралы білген-білмегенін анықтау мүмкін болмаған.

Прокуратураның мәліметінше, ер адам айғақ беруден бас тартқан. Қылмыс жасалған кезде қыздардың жасы 10 және 11-де болған.

Сот қылмыстың алкогольдік масаң күйде жасалуын ауырлататын, ал кінәсін мойындауы мен бұрын сотталмағанын жеңілдететін мән-жай ретінде таныды.

Нәтижесінде сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

"Қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті жаза ретінде өмір бойына бас бостандығынан айыру, сондай-ақ өмір бойына педагогикалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалсын", – деді судья Жанна Нығыбаева.

Бұған дейін Алматы облысында балалар арасындағы жанжал анасына қатысты қылмыстық іске ұласқаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: