Павлодар облысында полицей өзін-өзі атып, өлмек болды

Полицей, Павлодар облысы, өзін-өзі ату, суицид, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2024 11:51 Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде 2024 жылдың 29 маусымында Павлодар облысында полицейдің өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаменті бұл фактіні растады.

"Қазір полиция қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр. Аталған факті бойынша тергеу амалдары қолға алынды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда", - деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Сафуан Жәмпейісов.

24 маусымда БҚО-да да тура осындай оқиға орын алды. Полиция қызметкері облыстық ПД ғимаратында қызметтік табельдік қаруды басына тақап, оқ атқан. Ол үш күннен кейін есін жимастан жансақтау бөлімінде жан тапсырды. Осы фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 105-бабы, 1-бөлігі, яғни "Суицидке жеткізу" бойынша тергеу амалдары қолға алынды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: