Оралда өзін атқан полицей есін жимастан көз жұмды
Сурет: Zakon.kz
Оралда өзін атқан 21 жастағы полицей есін жимастан көз жұмды. Дәрігерлер ота жасап, самайдан кірген оқты алып шыққанымен, ажалдан арашалай алмады. Қайғылы жағдай БҚО полиция департаментінің ғимаратында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бақылау-өткізу пунктінде тұрған қызметкер өзінің табель қаруынан атылған. Абайсызда болған жағдай ма, әлде тәртіп сақшысы суицид жасамақ болды ма, оны енді тергеу анықтайды.
Ал денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, тәртіп сақшысы шұғыл отадан соң есін жимаған.
Ауыр жарақаттан жас полицей өткен түні жан тапсырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript