Павлодар облысында өрт сөндірушілер бір тәулік бойы дала өртімен арпалысып жатыр
Сурет: Instagram/pavlodar_tjd
Павлодар облысындағы өрт туралы ақпарат шұғыл байланыс желісіне кеше түнде келіп түсті. Әлеуметтік желіде дала өртінің видеосы пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2022 жылы 7 қыркүйекте сағат 14:15-те "102" шұғыл байланыс желісіне Ақсу қаласы, Алғабас ауылдық округіндегі Ертіс өзені бойында, "Нұрлы Жол" көпірінің маңында қураған шөп өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер аттанды.
Қазіргі уақытта үш жақтағы өрт ошағында қызыл жалын тараған аумақтың көлемі 35-37 гектарды құрайды. Жалпылай алғандағы ауданы - 110 гектар. Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
Өртті сөндіруге бірнеше қызмет қызметкерлері мен еріктілер де қатысуда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript