Алматы әуежайында жолаушы өз-өзіне қол жұмсамақ болды: полиция мән-жайды айтты

Алматы әуежайында жолаушы өз-өзіне қол жұмсамақ болды: полиция мән-жайды айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2025 20:33 Сурет: Zakon.kz
Алматы әуежайында жолаушы өз-өзіне қол жұмсамақ болды: полиция мән-жайды айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әуежайы желілік полиция бастығының орынбасары Өмірхан Садыровтың айтуынша, ер адам Алматы–Астана рейсіне келіп, тіркеуден және тексеруден өткен, алайда ұшаққа отырмаған.

Ол шамамен төрт сағатты күту залында және кафеде өткізген.

Біршама уақыттан кейін жолаушы әжетханаға кіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Оны қызметкерлер байқап қалып, оқиға орнында медициналық қызмет көмек көрсеткен. Ер адамға ауруханаға жеткізілді.

Қазір оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салайық, Алматы әуежайында ер адам тамағын кесіп жібергенін хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: