Алматы әуежайында ер адам тамағын кесіп жіберді
Сурет: Zakon.kz
Алматы әуежайында ер адам тамағын кесіп жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.
Алматы әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, T1 ішкі рейстер терминалында жолаушы дәретханада өзіне дене жарақатын салуға әрекет жасады.
Әуежай қызметкерлері жағдайды дер кезінде байқап, шұғыл түрде медициналық қызметті шақырған.
"Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетілді", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, ол дәрігерлердің бақылауында.
"Әуежай штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр". Алматы халықаралық әуежайы
Zakon.kz тілшісі Алматы полиция департаментіне осы оқиғаға қатысты ресми сауал жолдады.
Еске салайық, бұған дейін 2025 жылғы 25 тамызда сағат 22:06-да Алматы әуежайының "Т-1" терминалында ер адам касса жанында өзіне от қоймақ болған еді. Полицейлер оны дер кезінде тоқтатты
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript