Атырауда әуежайда бомба туралы жалған мәлімдеме жасаған ер адам ұсталды

Әуежай, Атырау, бомба, жалған мәлімдеме, ер адам, ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2025 13:44 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылғы 8 қарашада Атырау әуежайында "Атырау – Алматы" рейсіне тіркелу кезінде ер адам қол жүгінде жарылғыш құрылғысы барын айтып, жұртты дүрліктірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адамнің өтірік айтқаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша Көліктегі ПД ҚР ҚК-нің 273-бабы, яғни "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама жасау" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жәбірленушілер мен зардап шеккендер жоқ, әуежайдың жұмысы штаттық режимде жүзеге асырылуда, деп нақтылады ведомстводан.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де мәліметтері жария етуге жатпайды.

Бұған дейін Ақтау әуежайында ірі есірткі партиясымен бірге ер адамның ұсталғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: