Алматы тауларында қарулы ер адам ұсталды
Сурет: Zakon.kz/Асель Аукешева
Алматы тауларында құтқарушылар пышақпен қаруланған ер адамға тап болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық ТЖД, бүгін - 18 ақпанда, сағат 11:30 шамасында Медеу ауданындағы "Эдельвейс" бақылау-бекетінде 1993 жылы туған азамат бекет аумағына заңсыз өтуге әрекет жасағанын хабарлады.
"Рұқсат берілмеген соң, ер адам қоршаудан секіріп өтіп, тау беткейімен төмен түскен. Оның қолында пышақ болып, құтқарушыларға қауіп төндірген. ӘҚБ-23 құтқару бөлімшесінің жедел әрекетінің нәтижесінде азамат ұсталып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды", делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматы тауларына баруды жоспарлап отырған азаматтарға шұғыл ескерту жасалған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript